Басты бет
·
Жекпе-жек түрлері

Нұрқанат Серікбаев Grand Slam турниріндегі жарыс жолын аяқтады

Бекарыс Әлімхан··
Фото: IJF

Фото: IJF

Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Ұлан-Батырда өтіп жатқан Grand Slam сериясындағы турнирде Әзербайжан өкіліне есе жіберіп, жарысын аяқтады.

66 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Серікбаев жарысты Оңтүстік Корея өкілі Сён Бём Чжонға қарсы жеңіспен бастады. Қазақстандық балуан «вазари» ұпайларының арқасында жеңіске жетті.

1/8 финалда Серікбаев Әзербайжан өкілі Руслан Пашаевпен кездесті. Белдесу барысында қазақстандық спортшы «вазари» есебімен алда болғанымен, соңғы сәттерде қарсыласы «иппон» жасап, ширек финалға жолдама алды.

Айта кетейік, Grand Slam турнирі Ұлан-Батырда 19–21 маусым аралығында өтіп жатыр.