Басты бет
·
Жекпе-жек түрлері

Аман Бақытжан Grand Slam турнирінде әлем чемпионына есе жіберді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: IJF

Фото: IJF

Қазақстандық дзюдошы Аман Бақытжан Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Grand Slam сериясы турнирінде ширек финалға шыға алмады, 1/8 финалда Грузия өкіліне есе жіберді.

60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық спортшы алдымен Моңғолия өкілі Айреболд Енхтайванды жеңді. Кейін ол 2024 жылғы әлем чемпионы және 2025 жылғы Еуропа чемпионы Гиорги Сардалашвилимен кездесті.

Белдесу барысында грузиялық дзюдошы «юко» ұпайын алып, жеңіске жетіп, ширек финалға өтті. Осылайша Аман Бақытжан үшін турнир 1/8 финал кезеңінде аяқталды.

Айта кетейік, Grand Slam турнирі Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында 19–21 маусым аралығында өтіп жатыр.