Енді дзюдо Қазақстанның оқу бағдарламаларына енгізіледі

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Саясат Нұрбек парақшасынан

Фото: Саясат Нұрбек парақшасынан

Қазақстанда дзюдоны жоғары және орта арнаулы білім беру жүйесіне енгізу жоспарланып отыр.

Осыған байланысты Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер меморандумға қол қойды.

Келісім аясында дзюдо бағдарламаларын колледждер мен жоғары оқу орындарының білім беру процесіне кезең-кезеңімен енгізу көзделген. Сонымен қатар студенттік лигалар құру, жарыстар өткізу және спорттық инфрақұрылымды дамыту жоспарланып отыр.

Жобаның операторы ретінде Jenys International Sports Foundation қоры бекітілді. Қор бағдарламаны қаржыландыру және үйлестіру жұмыстарымен айналысады. Сондай-ақ жоба аясында білім беру мекемелері дзюдоға арналған спорттық құрал-жабдықтармен, татамимен және арнайы экипировкамен қамтамасыз етіледі.