Қазақстан алдағы Grand Slam турниріне қатысатын құрамын жариялады

Фото: ҚР ҰОК
Қазақстан дзюдо құрамасы маусымның 19 мен 21-і аралығында Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтетін сериялық Grand Slam турниріне қатысады.
Ұлттық құраманың жарысқа арналған тізіміне 20 спортшы енді.
Ерлер құрамасында Қазақстан намысын Аман Бақытжан мен Мағжан Шамшадин (60 келіге дейін), Нұрқанат Серікбаев пен Ақылжан Жұбатқанов (66 келіге дейін), Аңсарбек Ғайнуллин мен Есет Қуанов (73 келіге дейін), Жалғас Қайролла мен Асқар Нарқұлов (81 келіге дейін), Айбол Нысанәлі мен Нұржан Бисенов (90 келіге дейін), сондай-ақ Марат Байқамұров (100 келіге дейін) қорғайды.
Әйелдер құрамасының тізімне Ғалия Тынбаева мен Диана Бүркеева (48 келіге дейін), Аружан Ережепова (52 келіге дейін), Дана Әбдірова мен Дина Мұханбет (57 келіге дейін), Самалай Ерғалиева мен Дамеля Асылханова (63 келіге дейін), сондай-ақ Камила Берліқаш пен Акерке Рамазанова (+78 келі) енді.
Бұған дейін Испанияның Бенидорм қаласында өткен European Open сериясындағы турнирде Қазақстан құрамасы бір алтын медаль жеңіп алған болатын. 66 келіге дейінгі салмақта Нұрмұхамет Ботабай турнир жеңімпазы атанды.