Басты бет
·
Жекпе-жек түрлері

Мағжан Шамшадин Ұлан-Батырдағы Grand Slam турнирін алғашқы белдесуде аяқтады

Бекарыс Әлімхан··
Фото: IJF

Фото: IJF

60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Шамшадин италиялық Биаджо Ди Анджело-мен кездесті. Белдесу аяқталуға аз уақыт қалғанда қазақстандық дзюдошы «хансоку-маке» дисквалификациясын алып, қарсыласы келесі кезеңге өтті.

Осылайша Мағжан Шамшадин үшін турнир алғашқы жекпе-жектен кейін аяқталды.

Еске сала кетейік, ол бұған дейін Астанада өткен Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде 7-орын алған, ал Тбилисидегі кезеңде қола жүлде үшін өткен белдесуде жеңіліп қалған болатын.

Grand Slam сериясындағы Ұлан-Батыр турнирі 19–21 маусым аралығында өтеді.