Алуа Балқыбекова Әлем кубогында әлем чемпионынан жеңілді

Темирлан Мажекенов··
ҚБФ

ҚБФ

Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing Кубогының екінші кезеңінде жүлдегерлер қатарына ене алмады.

Ширек финалда қазақстандық спортшыға Үндістанның ең мықты боксшыларының бірі 2025 жылғы әлем чемпионы Минакши қарсы тұрды. Ол сондай-ақ Азия чемпионатының күміс жүлдегері және Нью-Делидегі Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы.

Үш раунд қорытындысы бойынша үндістандық спортшы төрешілердің бірауызды шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осы жеңістен кейін Минакши 51 кг салмақ дәрежесінде жартылай финалға шығып, кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті. Ал Балқыбекова үшін жарыс ширек финалда аяқталды.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы ұлттық құраманың көшбасшыларының бірі саналады. Оның жетістіктерінде World Boxing және IBA аясындағы 2025 жылғы әлем чемпионаттарының алтын медальдары, сондай-ақ Азия құрлығы біріншілігінің екі мәрте чемпиондығы бар.