Тимур Нүрсейітов Бокс бойынша Әлем кубогының ширек финалында жеңілді
Бөлісу

ҚБФ
Қазақстандық Тимур Нүрсейітов World Boxing Кубогының екінші кезеңінде жартылай финалға өте алмады, жарысты ширек финал сатысында аяқтады.
75 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Нүрсейітов Болгария өкілі Рами Киванмен кездесті. Үш раундқа созылған жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен жеңісті қарсыласына берді.
Айта кетейік, Рами Киван әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
World Boxing Кубогының екінші кезеңі 15–21 маусым аралығында Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатыр. Жарысқа әлемнің 44 елінен шамамен 333 спортшы қатысуда.