Санжар Тәшкенбай World Boxing Әлем кубогында жеңіске жетті
Бөлісу

ҚБФ
Қазақстандық Санжар Ташкенбай Қырғызстан өкілін жеңіп, World Boxing Кубогының екінші кезеңінің жартылай финалына шықты.
50 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Ташкенбай қырғызстандық Анваржон Ходжиевпен кездесті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандық боксшыға берді.
Айта кету керек, бұл жеңіс Санжарға турнирдің кемінде қола медалін қамтамасыз етті.
World Boxing Кубогының екінші кезеңі 15–21 маусым аралығында Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатыр. Жарысқа әлемнің 44 елінен шамамен 333 спортшы қатысуда.