Виктория Графеева бокстан әлем кубогының жартылай финалына шықты
Бөлісу

ҚБФ
Қазақстандық боксшы Виктория Графеева World Boxing әлем кубогының екінші кезеңінде Оңтүстік Корея өкіліне қарсы жекпе-жекте жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.
60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Графеева О Ён Джимен кездесті. Бірінші раундта басымдық Оңтүстік Корея боксшысына бұйырғанымен, кейінгі екі раундта қазақстандық спортшы жекпе-жек барысын өз пайдасына бұрды.
Нәтижесінде төрешілер бірауыздан (5:0) Виктория Графееваның жеңісін тіркеді. Ол енді турнирдің медальдары үшін жарысты жалғастырады.
Еске сала кетейік, World Boxing әлем кубогының екінші кезеңі Қытайдың Гуйян қаласында 15–21 маусым аралығында өтіп жатыр. Жарысқа 44 елден шамамен 333 спортшы қатысуда.