Кызайбайдың жеңісі және Балкибекованың айқын басымдығы: Әлем кубогының төртінші күні

ҚБФ
Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing Кубогының екінші кезеңіндегі жарыстың төртінші күнінде Қазақстан ұлттық құрамасының үш өкілі өз жекпе-жектерін өткізді.
51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Алуа Балкибекова 1/8 финал кезеңінде венесуэлалық спортшы Ирисмар Кардосоны жеңіп, сәтті бастады. Жекпе-жек төрешілердің бөлінген шешімімен 4:1 есебімен оның пайдасына аяқталды.
54 келіге дейінгі салмақта ширек финалда Назым Қызайбай кем дегенде қола медальды қамтамасыз етті. Үш дүркін әлем чемпионы поляк спортшысы Виктория Беата Рогалиньскадан да төрешілердің бөлінген шешімімен 4:1 есебімен басым түсті.
65 келіге дейінгі салмақта Санәталі Төлтаев үшін күн сәтсіз өтті. Ол 1/8 финалда британдық Патрис Мугалзайға 0:5 есебімен есе жіберіп, турнирдегі өнерін аяқтады.
World Boxing Кубогының екінші кезеңі Гуйян қаласында 15–21 маусым аралығында өтуде. Бұл беделді халықаралық турнирге 44 елден келген шамамен 333 спортшы қатысуда.
Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өткен бірінші кезеңде Қазақстан құрамасы 7 медаль жеңіп алған болатын: 3 алтын, 1 күміс және 3 қола.