Назым Қызайбай Қытайда бокстан Әлем кубогының жартылай финалына өтті
Бөлісу

ҚБФ
Үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай World Boxing Әлем кубогының екінші кезеңінде Польша өкілі Виктория Рогалинсканы жеңіп, жартылай финалға шықты.
54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында қазақстандық боксшы алғашқы раундтан-ақ басымдықты өз қолына алып, үш раунд қорытындысы бойынша 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Бұл жеңіс Қызайбай үшін реванш болды. Әлем кубогының Бразилиядағы алғашқы кезеңінде Рогалинска қазақстандық спортшыны жеңген еді, алайда Гуйянда Назым кегін қайтарып, алтын медаль жолындағы күресін жалғастырды.
Еске салайық, World Boxing Әлем кубогының екінші кезеңі 15–21 маусым аралығында Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатыр. Жарысқа әлемнің 44 елінен шамамен 333 спортшы қатысуда.