Санатәлі Төлтаев Қытайда өтіп жатқан Әлем кубогынан шығып қалды
Бөлісу

ҚБФ
Қазақстан чемпионы Санатәлі Төлтаев World Boxing Әлем кубогының екінші кезеңінде ширек финалға өте алмады. Екінші айналымдағы жекпе-жекте қазақстандық боксшы Ұлыбритания өкіліне есе жіберді.
65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен екінші айналымда Санатәлі Төлтаев британдық боксшы Патрис Мугалзамен кездесті.
Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен жеңісті Ұлыбритания спортшысына берді. Осылайша Санатәлі Төлтаевтың турнирдегі жорығы аяқталды.
Еске салайық, World Boxing Әлем кубогының екінші кезеңі 15–21 маусым аралығында Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатыр. Жарысқа 44 елден шамамен 333 спортшы қатысуда.