Аққалықов Әлем кубогында жеңіліс тапты

Темирлан Мажекенов··
ҚР ХОК

ҚР ХОК

Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing Кубогының екінші кезеңіндегі өнерін аяқтады.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финалға шығу үшін болған жекпе-жекте ол принципті қарсыластарының бірі өзбекстандық Жавохир Умматалиевпен кездесті. Айқас тартысты әрі бәсекелі өтті, жеңімпаз тек үш раундтың қорытындысы бойынша анықталды.

Төрешілердің шешімімен 3:2 есебімен жеңіс Өзбекстан боксшысына берілді.

Осылайша, Аққалықов келесі кезеңге өте алмай, турнирдегі өнерін аяқтады.

Айта кетейік, екінші раундта төреші Умматалиевтің пайдасына нокдаун тіркеді, бұл жекпе-жектегі шешуші сәттердің бірі болды.

Еске сала кетейік, World Boxing Кубогының екінші кезеңі 15–21 маусым аралығында Гуйян қаласында өтуде. Беделді халықаралық турнирге 44 елден 333-ке жуық спортшы қатысуда.

Аққалықов Әлем кубогында жеңіліс тапты – sport-hub