Абылайхан Жүсіпов Қытайдағы Әлем кубогының ширек финалына шықты

Бекарыс Әлімхан··
ҚБФ

ҚБФ

Қазіргі әлем чемпионы Абылайхан Жүсіпов World Boxing Әлем кубогының екінші кезеңінде 1/8 финал кедергісін сәтті еңсеріп, бразилиялық Кайан Рейсті жеңді.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық боксшы бірінші кезеңнің күміс жүлдегері Кайан Рейспен кездесті.

Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бөлінген шешіммен 4:1 есебін тіркеп, Жүсіповті жеңімпаз деп таныды. Осылайша ол турнирдің ширек финалына жолдама алды. Бразилиялық спортшы үшін жарыс осы жерден аяқталды.

Абылайхан Жүсіпов 2025 жылғы әлем чемпионы, сондай-ақ әлем біріншіліктерінің үш дүркін қола жүлдегері.

Еске салайық, World Boxing Әлем кубогының екінші кезеңі 15–21 маусым аралығында Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатыр.