Серік Теміржанов World Boxing Кубогы кезеңіндегі өнерін аяқтады
Бөлісу

ҚБФ
Қазақстандық боксшы Серик Теміржанов Қытайда өтіп жатқан World Boxing Кубогы кезеңінде ширек финалға өте алмады, ол АҚШ өкілі Салим Эллис Бейге есе жіберді.
60 кг салмақ дәрежесіндегі 1/8 финал жекпе-жегінде Теміржанов 19 жастағы америкалық Салим Эллис Беймен кездесті.
Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен жеңісті АҚШ боксшысына берді. Бұған дейін Эллис Бей Бразилияда өткен World Boxing Кубогының бірінші кезеңінде күміс жүлдегер атанған болатын.
28 жастағы Серик Теміржанов үшін бұл жеңіліс Кубоктың екінші кезеңіндегі өнерін аяқтаумен тең болды. Қытайдың Гуйян қаласындағы турнир 21 маусымда аяқталады.