Басты бет
·
Бокс

Лаура Есенгелді Қытайдағы әлем кубогын сенімді жеңіспен бастады

Темирлан Мажекенов··
ҚБФ

ҚБФ

Қазақстандық боксшы Лаура Есенгелді Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем кубогының екінші кезеңіндегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалда ол испаниялық Уния Мартинес Маспен қолғап түйістірді. Қазақстандық спортшы кездесу барысында айқын басымдық танытып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Лаура Есенгелді турнирдің ширек финалына жолдама алды. Ал Испания өкілі жарысты аяқтады.

Айта кетейік, World Boxing әлем кубогының екінші кезеңі 15-21 маусым аралығында Гуйян қаласында өтуде. Байрақты бәсекеге әлемнің 44 елінен келген шамамен 333 спортшы қатысып жатыр.