Назым Қызайбай Әлем кубогын жеңіспен бастады
Бөлісу

ҚР ХОК
Қазақстандық атақты боксшы Назым Қызайбай Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогының кезеңін сәтті бастады.
1/8 финалда 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық спортшы Оңтүстік Корея өкілі Им Э Джимен кездесіп, төрешілердің 4:1 шешімімен сенімді жеңіске жетті. Осы жеңістің арқасында Қызайбай турнирдің ширек финалына өтті.
Еске сала кетейік, Назым Қызайбай үш дүркін әлем чемпионы (2014, 2016, 2025) және 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері. Оның Оңтүстік Кореялық қарсыласы да Париждегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері болған.
World Boxing Әлем кубогының екінші кезеңі Гуйян қаласында 15–21 маусым аралығында өтуде. Бұл беделді халықаралық турнирге әлемнің 44 елінен 333-ке жуық спортшы қатысуда.