Тимур Қабдешов Әлем кубогында жеңіліс тапты
Бөлісу

ҚБФ
Қазақстандық боксшы Тимур Кабдешов Қытайда өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогы кезеңіндегі өнерін аяқтады.
Гуйян қаласында 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Кабдешов турнирдегі алғашқы жекпе-жегін бразилиялық Келви Триндадқа қарсы өткізді.
Жекпе-жек тартысты өтті, екі боксшы да шабуылда белсенділік танытты. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті 3:1 есебімен бразилиялық спортшыға берді.
Осылайша, Тимур Кабдешов үшін World Boxing Әлем кубогының екінші кезеңі алғашқы айқастан кейін-ақ аяқталды. Турнир 15–21 маусым аралығында өтуде.