Тимур Нұрсейітов бокстан Әлем кубогының ширек финалына шықты
Бөлісу

ҚБФ
Қазақстандық боксшы Тимур Нұрсейітов Қытайда өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогының кезеңінде ирландиялық Тиг О’Доннеллді төрешілердің бөлек шешімімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды.
75 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек турнирдің 1/8 финал кезеңінде өтті.
Үш раунд бойы екі спортшы да сақтықпен жұдырықтасып, қорғанысқа көбірек көңіл бөлді. Нәтижесінде төрешілер 3:2 есебімен жеңісті қазақстандық боксшыға берді.
World Boxing Әлем кубогының кезеңі Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатыр және 21 маусымда аяқталады.