Санатәлі Төлтаев Әлем кубогын жеғңспен бастады

Бекарыс Әлімхан··
ҚБФ

ҚБФ

Қазақстандық боксшы Санәталі Төлтаев Қытайда өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогы кезеңінде әзербайжандық Малик Хасановты мерзімінен бұрын жеңіп, ширек финалға шықты.

65 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі алғашқы жекпе-жекте Тольтаев әзербайжандық боксшы Малик Хасановпен кездесті.

Жекпе-жек тартысты өтті, алайда екінші раундта Хасановтың қасы жарылып кетті. Дәрігер тексергеннен кейін кездесу тоқтатылып, жеңіс қазақстандық спортшыға берілді.

Айта кетейік, World Boxing Әлем кубогының кезеңі Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатыр.