Дина Исламбекова қарсыласын нокаутқа түсірді

Темирлан Мажекенов··
ҚО ХОК

ҚО ХОК

Қазақстандық Дина Исламбекова Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымы ұйымдастырған Әлем кубогы кезеңін сенімді жеңіспен бастады.

80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде жартылай финалға шығу үшін ол ирландиялық Клиона Дарси қарсы кездесті.

Жекпе-жек толықтай Исламбекованың бақылауында өтті. Ол алғашқы сәттен бастап жоғары қарқын көрсетіп, шабуылда үнемі нәтижелі әрекеттер тіркеді. Бірінші раундта қарсыласын дәл соққымен нокдаунға жіберсе, екінші раундта төреші тағы екі рет нокдаун тіркеді. Қазақстандық спортшының нәтижелі соққыларынан кейін төреші жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.

Бұл сенімді жеңіс Исламбековаға алтын медаль үшін күресті жалғастыруға және кем дегенде жүлделі орын алуға мүмкіндік берді. Ал ирландиялық боксшы турнирді ширек финал кезеңінде аяқтады.

World Boxing Әлем кубогының екінші кезеңі 15–21 маусым аралығында Гуйян қаласында өтуде. Бұл беделді халықаралық жарысқа 44 елден шамамен 333 спортшы қатысуда.