Алуа Балқыбекова ширек финалға жолдама алды

Бекарыс Әлімхан··
ҚБФ

ҚБФ

Алуа Балқыбекова Қытайда өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогы кезеңінде ширек финалға жолдама алды.

51 кг салмақ дәрежесінде қазақстандық боксшы Венесуэла өкілі Ирисмар Кардозоға қарсы кездесті.

Балқыбекова жекпе-жекті сенімді өткізді, әрі шабуылда, әрі қорғаныста жоғары деңгей көрсетті. Нәтижесінде төрешілер 4:1 есебімен жеңісті қазақстандық спортшыға берді.

Айта кетейік, World Boxing ұйымдастырып жатқан екінші кезең Қытайдың Гуйян қаласында 15–21 маусым аралығында өтеді. Турнирге 44 елден шамамен 333 спортшы қатысуда.