Лаура Есенгелді бокстан әлем кубогының жартылай финалына шыға алмады
Бөлісу

ҚБФ
Қазақстандық боксшы Лаура Есенгелді World Boxing әлем кубогының екінші кезеңінде Қытай өкіліне қарсы ширек финалдық жекпе-жекте жеңіліп қалды.
70 кг дейінгі салмақ дәрежесінде ол қытайлық Ян Лю-мен кездесті. Төрешілер бірауыздан (5:0) жеңісті қытай спортшысына берді.
Айта кетейік, Ян Лю Бразилиядағы әлем кубогының бірінші кезеңінің жеңімпазы әрі Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері.
World Boxing әлем кубогының екінші кезеңі Қытайдың Гуйян қаласында 15–21 маусым аралығында өтіп жатыр. Жарысқа 44 елден шамамен 333 спортшы қатысуда.