Абылайхан Жүсіпов Қытайдағы Әлем кубогының жартылай финалына шықты
Бөлісу

ҚБФ
Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов өзбекстандық спортшыны жеңіп, World Boxing Әлем кубогының екінші кезеңінде жартылай финалға жолдама алды.
70 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Жүсіпов өзбекстандық Шавкатжон Болтаевпен кездесті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен жеңісті қазақстандық боксшыға берді.
Айта кетейік, бұл жеңіс Абылайханға турнирдің кемінде қола жүлдесін қамтамасыз етті.
World Boxing Әлем кубогының екінші кезеңі 15–21 маусым аралығында Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатыр. Жарысқа әлемнің 44 елінен шамамен 333 спортшы қатысуда.