Басты бет
·
Теннис

Аманда Анисимова білегінен жарақат алып, маусымын ерте аяқтады

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Америкалық теннисші Аманда Анисимова сол жақ білегінің жарақатына байланысты маусымын мерзімінен бұрын аяқтайтынын мәлімдеді.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Білегім қайтадан жарақаттанды, енді соған көңіл бөлуім керек. Енді қалпыма келіп, күш жинап, 2027 жылы барлығыңызбен қайта кездесетін кез келді», – деп жазды Анисимова.

Еске салайық, білегіндегі мәселеге байланысты Анисимова бұған дейін Сингапурдағы WTA-500 турнирінен бас тартқан еді. Кейін Пекиндегі WTA-1000 жарысында чемпиондық атағын қорғауға қатыспайтынын мәлімдеді. Теннисшінің биылғы маусымдағы соңғы турнирі US Open болды. Ол жарыстың үшінші айналымында Анастасия Потаповадан 2:6, 5:7 есебімен жеңілді.

Анисимова жылды WTA рейтингінде 16-орынмен аяқтайды. Оның мансабындағы ең табысты маусым 2025 жыл болды. Сол жылы америкалық теннисші Уимблдон мен US Open турнирлерінің финалына шығып, Доха мен Пекиндегі WTA-1000 жарыстарында жеңіске жетті және алғаш рет әлемнің үздік бес теннисшісінің қатарына кірді.