Басты бет
·
Теннис

Александр Бублик China Open турниріндегі алғашқы қарсыласын білді

Аружан Талғат··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Пекиндегі ATP 500 санатындағы China Open турнирінің алғашқы айналымындағы қарсыласын білді. Қазақстандық теннисші жарысты сегізінші ракетка, чехиялық Якуб Меншикке қарсы бастайды.

Егер Бублик алғашқы қарсыласын жеңсе, екінші айналымда Франсиско Серундоло мен іріктеу кезеңінен өткен теннисшінің кездесуінде жеңіске жеткен ойыншымен кездеседі.

Ширек финалда қазақстандық теннисшінің ықтимал қарсыласы – үшінші нөмірлі Даниил Медведев. Бұл бөлікте германиялық Ян-Леннард Штруфф пен аргентиналық Тьяго Агустин Тиранте де бар.

Ал жартылай финалда Бублик бірінші нөмірлі Александр Зверев немесе алтыншы нөмірлі Новак Джоковичпен кездесуі мүмкін.

Жарыс кестесінің екінші бөлігінде екінші нөмірлі Феликс Оже-Альяссим, италиялық Флавио Коболли, австралиялық Алекс де Минаур және америкалық Лирнер Тьен орналасқан.

China Open турнирі Пекинде 30 қыркүйек пен 6 қазан аралығында өтеді.