Ангелина Лукас - Назым Қызайбаймен болған жанжал туралы айтты

Бекарыс Әлімхан··
Фото: спортшының жеке мұрағатынан

Фото: спортшының жеке мұрағатынан

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас, үш дүркін әлем чемпионы және 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Назым Қызайбаймен болған жанжал туралы естелігімен бөлісті.

Блогер Динара Алжанның подкастында спортшы бірнеше жыл бұрын Қазақстан әйелдер құрамасында болған жағдай туралы айтып берді.

— Мен финалдарға шығып, медальдар жеңіп жүрдім, ал ол сол турнирлерде жүлде ала алмайтын. Арамыздағы бәсекелестік өте қатты болды. Әсіресе екеуіміздің арамызда. Мені, тіпті, басқалар кедергі келтірмесін деп, құрамадан шеттеткендей болды, себебі оны алға сүйреді, — деді Лукас.

Еске салайық, бұған дейін Ангелина Лукас Назым Қызайбайды өзіне қарсы буллинг ұйымдастырды және команда ішінде жанжал тудырды деп айыптаған еді.

Ангелина Лукас — WBF нұсқасы бойынша үш дүркін әлем чемпионы. Сонымен қатар ол IBO, WBC international, UBO және WIBF чемпиондық белбеулерінің иегері.