Ресейлік боксшы қазақстандық WBA Asia чемпионын жекпе-жекке шақырды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Irfin Promotions

Фото: Irfin Promotions

Ресейлік боксшы Харон Запольский Армат Арманұлына ашық түрде үндеу жасап, орта салмақтағы WBA Asia титулы үшін жекпе-жек өткізуді ұсынды.

Ресейлік спортшының мәлімдемесіне Арманұлының Гонконгта түркиялық Кенан Гюзелді жеңгеннен кейінгі әрекеті себеп болған.

«Чемпиондар өздерін бұлай ұстамайды. Менің атым — Харон Запольский. Мен WBA Asia титулына үміткермін. Армат, мен сені жекпе-жекке шақырамын. Өз жерімде жұдырықтасуға әзірмін. Сенің аумағыңа баруға да дайынмын. Жекпе-жекті қабылда немесе белбеуден бас тарт. Барлық сұрақ бойынша менің менеджеріммен байланысыңдар», — деді Запольский.

Image placeholder

Айта кетейік, сол кездесуде қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа жіберіп, орта салмақтағы WBA Asia титулын сәтті қорғаған еді. Кәсіпқой рингте Арманұлы алты жеңіске жетіп, бір рет жеңілген.

Ресейлік боксшы қазақстандық WBA Asia чемпионын жекпе-жекке шақырды – sport-hub