Кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев бокс федерациясында басшылық қызметке тағайындалды

Бегасыл Амирбай ··
Кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев бокс федерациясында басшылық қызметке тағайындалды

Алматы облысы бокс федерациясының вице-президенті болып тағайындалған Батыр Жүкембаев кәсіпқой рингтегі мансабын да әрі қарай жалғастырады.

Ал, тағайындау туралы ұйым президенті Бекжан Әшірбаев хабарлады.

«Біз Алматы облыстық бокс федерациясына жаңа вице-президент тағайындадық. Елімізге танымал меценат әрі спорт жанашыры, бүгінде кәсіпқой боксшы ретінде өнер көрсетіп жүрген бауырымыз Батыр Жүкембаевты облыстық федерацияның вице-президенті қызметіне тағайындаймыз. Батыр — еліміздің спортына үлкен үлес қосып жүрген азаматтардың бірі. Біз бұған өте қуаныштымыз», — деді Әшірбаев.

Сонымен қатар Жүкембаев кәсіби мансабын да әрі қарай жалғастыра бермек. Бұған дейін қазақстандық боксшы 9 маусым күні Ташкент төрінде өзбекстандық Шохжахон Эргашевке қарсы жекпе-жек өткізетінін хабарлаған еді.

35 жастағы Жүкембаев кәсіби рингте 24 рет жеңіске жетіп, бір мәрте жеңіліс тапқан. 2021 жылы Сабриэль Матиасқа қарсы сәтсіз жекпе-жектен кейін қазақстандық боксшы қатарынан алты кездесуінде жеңіске жетті.

Кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев бокс федерациясында басшылық қызметке тағайындалды – sport-hub