Неміс боксшысы қарсыласын алғашқы соққымен-ақ нокаутқа жіберді
Бөлісу

фото: podrobnosti.ua
Германиядағы бокс кешінде қызық жағдай тіркелді: жергілікті аса ауыр салмақтағы боксшы Виктор Юрк қарсыласын алғашқы соққымен-ақ сұлатып түсірді, деп хабарлайды Sporthub.kz.
Сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек небәрі 15 секундқа ғана созылды. Виктор Юркке колумбиялық қарсыласы Эдвин Кастильоны ауыр нокаутқа жіберу үшін бір ғана соққы жеткілікті болды. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті бірден тоқтатты.
Жарқын нокауттың бейнетаспасын төменнен көруге болады.
Айта кетейік, Виктор Юрктің рекорды 14 жеңістен тұрады. Сондай-ақ, оның 12-сін нокаутпен аяқтаған.
Ал Эдвин Кастильо үшін бұл 13 жеңісінен кейінгі үшінші жеңіліс болды.