Қазақстан боксшылары Азия чемпионатында 24 медаль жеңіп алды

Ташкент қаласында 15 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы бокстан Азия чемпионаты өз мәресіне етті.
Қазақстан құрамасының жасөспірім өкілдері құрлықтық біріншілікте сәтті өнер көрсетіп, жалпы саны 24 медаль жеңіп алды. Отандастарымыз жеті алтын, сегіз күміс және тоғыз қоланы ел қоржынына салды.
Қазақстан құрамасы сапында Азия чемпионы атанғандар:
Бейбарыс Қойшыбай (43 кг дейін)
Нұрислам Бақтубаев (55 кг дейін)
Рауан Тоғызбай (61 кг дейін)
Аманжан Жанай (67 кг дейін)
Аян Бауыржан (70 кг дейін)
Самал Төлепберген (52 кг дейін)
Нұргүл Сахи (67 кг дейін)
Күміс медаль иегерлері:
Саят Рахымберді (33 кг дейін)
Жақсылық Ермекұлы (35 кг дейін)
Айбын Мәжит (70 кг жоғары)
Нұржанат Бекназар (37 кг дейін)
Сабрина Әділханова (46 кг дейін)
Аруна Шалман (55 кг дейін)
Аяру Файзуллаева (61 кг дейін)
Көркем Ғалым (70 кг жоғары)
Қола жүлдегерлер:
Сұлтанғали Нұрмахан (37 кг дейін)
Аяжан Марат (33 кг дейін)
Айша Насанова (35 кг дейін)
Диана Меңдіғараева (40 кг дейін)
Сезім Нұрлыбек (43 кг дейін)
Ардақ Әбдіхан (58 кг дейін)
Дінмұхамед Молдахан (64 кг дейін)
Ясмин Джаутханова (64 кг дейін)
Еркеназ Ерболқызы (70 кг дейін)
Айта кетейік, бүгін, 15 мамыр күні Ташкентте 17 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатының шешуші жекпе-жектері өтеді.