Қазақстандық файтер Ресейдегі турнирде жеңіске жетті

Бегасыл Амирбай ··
Фото: RCC Hard

Фото: RCC Hard

Қазақстандық файтер Михаил Коханчик Ресейдің Нижний Новгород қаласында өткен Prime Fighting League турнирінде сәтті өнер көрсетті.

Кештің ко мэйн-ивент жекпе-жегінде Коханчик - «Палач» лақап атымен танымал ресейлік Иса Бегаевпен жұдырықтасты. 77 келіге дейінгі жартылай орта салмақта өткен айқас төрешілердің екіұдайы шешімі арқылы қазақстандық спортшының жеңісімен аяқталды.

Бұл жеңіс Коханчикке жұдырықтасу жекпе-жектеріндегі екі жеңілістен тұратын сериясын тоқтатуға мүмкіндік берді. Жұдырықтасу форматындағы айқастардан бөлек, қазақстандық спортшы кәсіпқой және әуесқой бокстағы мансабымен де танымал.

Коханчик кәсіби шаршы алаңдағы соңғы жекпе-жегін 2023 жылы өткізген. Кәсіпқой бокстағы оның рекордында алты жеңіс және бір жеңіліс бар.