Англия Хорватияны екі доп айырмасымен жеңді

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Ойын АҚШ-тың Арлингтон қаласындағы AT&T Stadium стадионында өтті.

Матчтың 12-минутында Гарри Кейн пенальтиді дәл орындап, Англияны алға шығарды. 36-минутта Мартин Батурина таразы басын теңестірді.

Бірінші таймның соңына қарай командалар тағы да гол алмасты: 42-минутта Кейн дубль жасап, Англияны қайта алға шығарды. Алайда қосымша уақытта Петар Муса есепті 2:2-ге жеткізді.

Екінші тайм бастала салысымен, 47-минутта Джуд Беллингем гол соғып, Англияға басымдық әкелді. Ал 85-минутта Маркус Рашфорд матчтың нүктесін қойды.

Қорытынды есеп:

Англия – Хорватия – 4:2

Екінші турда Англия Ганамен (23 маусым) және Панамамен (28 маусым) ойнайды. Ал Хорватия 24 маусымда Панамамен, кейін 28 маусымда Ганамен кездеседі.