Басты бет
·
ӘЧ-2026

Англия – Конго ДР матчының тікелей трансляциясы

Бекарыс Әлімхан··
ФИФА

ФИФА

Англия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Конго Демократиялық Республикасы құрамасына қарсы ойнайды.

Кездесу 1 шілде күні АҚШ-тың Атланта қаласындағы «Мерседес-Бенц» стадионында өтеді. Матч Қазақстан уақытымен сағат 21:00-де басталады.

Қазақстандық жанкүйерлер бұл ойынды Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады. Сондай-ақ кездесудің ең маңызды сәттерін Sport-hub.kz Telegram арнасындағы live режимінде бақылауға мүмкіндік бар.

Айта кетейік, Англия құрамасы топтық кезеңде жеті ұпай жинап, L тобында бірінші орынмен плей-офф кезеңіне шықты. Ал Конго Демократиялық Республикасы төрт ұпаймен K тобында үшінші орын алып, 1/16 финалға жолдама алған болатын.

Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнир 19 шілдеде аяқталады. Биыл алғаш рет әлем чемпионатының финалдық кезеңіне 48 құрама қатысуда.

Англия – Конго ДР матчының тікелей трансляциясы – sport-hub