Англияның төртінші дивизионының клубы «Арсеналды» Лига кубогынан шығарды

«Арсенал» ФК
Англияның Лига кубогының 2026/27 жылғы маусымындағы 1/8 финалында Лондонның «Арсеналы» «Флитвуд Таунға» пенальти сериясында есе жіберіп, турнирден шығып қалды.
Кездесу Флитвуд қаласындағы «Хайбери» стадионында өтіп, негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталды. Англияның төртінші дивизионында өнер көрсететін алаң иелері пенальти сериясында 5:3 есебімен жеңіске жетті.
21-минутта Аарон Лупало-Би «Флитвудты» алға шығарды. Үзілістен кейін, 50-минутта Виктор Дьёкереш есепті теңестірді.
Екінші таймда «Арсенал» бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен, есепте алға шыға алмады. 85-минутта қарсыласымен қақтығыстан кейін Макс Доуман тікелей қызыл қағаз алып, лондондықтардың жағдайын қиындатты.
Қосымша уақытта «Флитвудтың» қақпашысы Джей Линч Бен Уайт пен Мартин Эдегордың соққыларын қайтарды. Пенальти сериясында да ол Бруну Гимарайнстың соққысын тойтарып, командасының жеңісіне үлес қосты. Ал Конор Хоги шешуші пенальтиді дәл орындады.
Осылайша, «Флитвуд Таун» клуб тарихында алғаш рет Англия Лига кубогының ширек финалына жолдама алды. Қазіргі уақытта команда Англияның төртінші дивизионы саналатын Лига 2-де 18-орында тұр.