Анарбеков «Қайраттың» жеңісінен кейін жарқ етті: екі сейв және әсерлі би
Бөлісу

Фото: Getty Images
«Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Омонияға» қарсы матчта алматылық клубтың жеңісіне шешуші үлес қосты.
Пенальти сериясында қақпашы екі рет командасын құтқарып қалды. Алдымен Анарбеков Юре Балковецтің соққысын қайтарды, кейін Николас Панайотиудың пенальтиін тойтарды. Екінші сейв шешуші болып, «Қайрат» келесі кезеңге жолдама алды.
Қақпашы эмоциясын жасырмай, шешуші сәттен кейін алаңда шағын жеңіс биін билеп, кештің басты қаһармандарының біріне айналды.
Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Қайрат» «Левски» (Болгария) – «Университатя» Крайова (Румыния) жұбының жеңімпазымен кездеседі.