«Андерлехт» – «Қайрат»: Еуропа лигасы матчының тікелей трансляциясы

«Қайрат» ФК
Бельгияның «Андерлехт» және Алматының «Қайрат» клубтары УЕФА Еуропа лигасының іріктеу кезеңі плей-офф кезеңіндегі қарымта матчта кездеседі.
Ойын 27 тамызда Брюссельдегі «Лотто Парк» стадионында өтеді. Кездесу Астана уақытымен 23:30-да басталады.
Қазақстандық жанкүйерлер матчты «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре алады. Сондай-ақ кездесудің ең маңызды сәттерін Sport-hub.kz Telegram-арнасындағы live форматында бақылауға болады.
Еске салайық, алғашқы ойында алматылық команда өз алаңында 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Бельгиялық клуб сапынан Лукас Амброс пен Даниил Сикан гол соқты. Тағы бір допты «Қайрат» ойыншысы Яакко Оксанен өз қақпасына енгізіп алды.
Қарымта матч қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда Еуропа лигасының жалпы кезеңіне жолдама алады. Ал жеңілген команда маусымды Конференция лигасының жалпы кезеңінде жалғастырады.