«Қайратты» жарыстан шығарған клуб Чемпиондар лигасынан да ұшты

«Левски» ФК
«Левски» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі өнерін аяқтады. Болгариялық клуб АЕК-тен 0:4 есебімен жеңілді.
АЕК кездесу тағдырын бірінші таймда-ақ шешіп қойды. Лука Йович 7-минутта есеп ашса, араға бес минут салып Барнабаш Варга екінші голды соқты. 29-минутта венгриялық шабуылшы дубль жасады. Үзілістен кейін Рэзван Марин пенальтиді сәтті орындап, матчтағы соңғы есепті белгіледі.
Командалардың Софиядағы алғашқы кездесуі голсыз аяқталған еді. АЕК қос матч қорытындысы бойынша 4:0 есебімен жеңіп, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды.
Еске салайық, «Левски» үшінші іріктеу кезеңінде «Қайратты» екі ойында да 1:0 есебімен жеңді. Осылайша болгариялық команда қос матч қорытындысында 2:0 есебімен басым түсіп, келесі кезеңде АЕК-пен кездесті.
Плей-офф кезеңіндегі жеңілістен кейін «Левски» еурокубоктағы маусымын Еуропа лигасының жалпы кезеңінде жалғастырады.