«Фенербахче» «Лионды» жеңіп, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шықты

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

«Фенербахче» УЕФА Чемпиондар лигасының 2026/27 маусымындағы плей-офф кезеңінің қарымта матчында «Лионды» жеңді.

Кездесу Францияда «Групама» стадионында өтіп, түркиялық команданың 2:1 есебімен жеңісімен аяқталды.

Қонақтар матчты белсенді бастап, 24-минутта есеп ашты. Стамбұлдық клубтың шабуылшысы Ведат Мурики мүмкіндігін мүлт жібермей, допты алаң иелерінің қақпасына бағыттады. Арада небәрі төрт минут өткенде «Фенербахче» басымдығын еселей түсті. 28-минутта қорғаушы Арчи Браун гол соқты.

Үзілістен кейін «Лион» ойын барысын өзгертуге тырысты. 61-минутта Малик Фофана гол соғып, француз клубына есепті теңестіруге үміт сыйлады. Алайда алаң иелері матчты тең аяқтай алмады.

Кездесудің соңына қарай «Лион» тағы екі рет допты қарсыластар қақпасына бағыттады. Алайда екі гол да есепке алынбады. 64-минутта Луа Опенда, 72-минутта Каиль Будаш көзге түскенімен, екі жағдайда да төрешілер VAR-ды қарап, офсайд тіркеді.

Чемпиондар лигасы. Іріктеу кезеңі

«Лион» – «Фенербахче» – 1:2

Голдар: Мурики, 24; Браун, 28; Фофана, 61.

Командалар арасындағы алғашқы матч 18 тамызда өтіп, 1:1 есебімен аяқталған еді. Екі ойынның қорытындысы бойынша «Фенербахче» басым түсіп, 2026/27 маусымындағы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды.

«Фенербахче» «Лионды» жеңіп, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шықты – sport-hub