«Андерлехт» — «Қайраттың» Еуропа лигасындағы қарсыласы: бельгиялық клуб туралы басты ақпарат

Али Асетов··
Фото: rscanderlecht / Instagram

Фото: rscanderlecht / Instagram

«Қайрат» Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде «Андерлехтпен» кездеседі.

Қазақстандық клубты Бельгияның ең танымал командаларының бірі — «Андерлехтпен» екі матчтан тұратын тартысты қарсыластық күтіп тұр.

«Андерлехт» қандай клуб?

Брюссельдік клуб Бельгия футболы тарихындағы ең көп жүлде жеңіп алған команда саналады. Оның қоржынында 34 чемпиондық титул, Бельгия кубогындағы 9 жеңіс және ел Суперкубогының 13 жүлдесі бар. Сонымен қатар «Андерлехт» Еуропа деңгейіндегі трофейлерді бес рет жеңіп алған.

Команда өз алаңындағы матчтарын «Констант Ванден Сток» стадионында өткізеді. Аренаға 22 мыңнан астам жанкүйер сыяды.

Transfermarkt бағалауынша, «Андерлехт» құрамының жалпы құны шамамен 81,4 млн еуро. Командадағы ең қымбат ойыншылар — жартылай қорғаушы Нейтан Салиба мен шабуылшы Михайло Цветкович. Екеуінің де нарықтағы бағасы 10 млн еуродан.

Салыстыру үшін, «Қайрат» құрамының жалпы құны шамамен 9,2 млн еуро деп бағаланады.

«Андерлехт» плей-оффқа қалай жетті?

Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде бельгиялық клуб Грекияның ПАОК командасымен кездесті. Алғашқы матчта «Андерлехт» 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Брюссельде өткен қарымта кездесуде командалар тағы да нәтижелі ойын көрсетті. Алаң иелері 3:2 есебімен жеңіп, екі матчтың қорытындысы бойынша 4:2 есебімен келесі кезеңге өтті.

Осылайша, «Андерлехт» Еуропа аренасында «Қайраттың» келесі қарсыласы атанды.

«Андерлехт» — «Қайраттың» Еуропа лигасындағы қарсыласы: бельгиялық клуб туралы басты ақпарат – sport-hub