Анисимова Цинциннатидегі турнирден әлемнің сегізінші ракеткасын сүріндірді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Әлемнің оныншы ракеткасы Аманда Анисимова АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты. Ол чехиялық Линда Носковадан (WTA рейтингі бойынша 8-орын) басым түсті.

Кездесу 1 сағат 11 минутқа созылып, 6:1, 6:4 есебімен аяқталды. Анисимова бес эйс жасап, бірде-бір қосарланған қателікке жол бермеді және төрт брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Ал Носкова бес рет эйс жасап, бес қосарланған қателік жіберді және бірде-бір брейк-пойнтқа ие болмады.

Осылайша, Анисимова Носковаға қарсы қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді. Жартылай финалға жолдама үшін америкалық теннисші әлемнің үшінші ракеткасы Джессика Пегуламен кездеседі. Пегула 1/8 финалда румыниялық Сорану Кырстяны үш сетте жеңді — 6:4, 4:6, 7:5.

Анисимова мен Пегула бұған дейін бес рет кездескен. Барлық матчта Пегула жеңіске жеткен. Теннисшілер соңғы рет ақпанда Дубайда өткен WTA-1000 турнирінде жолыққан.

Анисимова Цинциннатидегі турнирден әлемнің сегізінші ракеткасын сүріндірді – sport-hub