Анна Данилина Страсбургтегі теннис турнирінің жартылай финалына шықты

Фото: WTA ресми сайты
Қазақстанның жұптық сындағы үздік ракеткасы Анна Данилина Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты.
Ширек финалда Данилина ресейлік Екатерина Александровамен жұптасып, америкалық Эйжа Мұхаммад пен мажарстандық Фанни Столлар дуэтіне қарсы ойнады.
Кездесу 1 сағат 40 минутқа созылып, қазақстандық-ресейлік жұптың үш сеттегі жеңісімен аяқталды — 7:5, 3:6, 10:6.
Айта кетейік, бұған дейін қарсыластар бір-бірімен кездеспеген.
Еске салсақ, америкалық теннисші Эйжа Мұхаммад бұған дейін Анна Данилинамен жұпта өнер көрсеткен. Мамыр айының ортасында олар бірге Римдегі беделді турнирдің ширек финалына дейін жетті.
Жартылай финалда Данилина мен Александрова бразилиялық Луиза Стефани мен канадалық Габриэла Дабровски дуэтімен кездеседі.