Анна Данилина WTA жұптық рейтиңінде үздік бестіктің қатарына қайта қосылды

Фото: ҚТФ
Анна Данилина жаңартылған WTA жұптық рейтиңінде бесінші орынға көтерілді. Қазақстандық теннисші үш сатыға жоғарылап, әлемдік рейтингтің үздік бестігіне қайта енді.
Данилинаның еншісінде 6895 ұпай бар. Оның алдында Катерина Синякова (8930), Тейлор Таунсенд (8330), Элизе Мертенс (7488) және Александра Крунич (6905) орналасқан.
Өткен аптада Данилина Римде өткен WTA 1000 турниріне қатысып, америкалық Эйжа Мухаммадпен бірге ширек финалға дейін жетті.
Юлия Путинцева жұптық рейтингте 181-орында тұр, ал Жібек Құламбаева 195-сатыда орналасқан.
Анна Данилина — Қазақстанның жұптық сайыстағы бірінші ракеткасы, US Open турнирінің микстегі чемпионы, әйелдер арасындағы жұптық сында «Үлкен дулыға» турнирлерінің үш дүркін финалисі және Уханьдағы WTA 1000 турнирінің жеңімпазы.