Тимофей Скатов Roland Garros іріктеу кезеңінде бақ сынайды

Фото: ҚТФ
Тимофей Скатов Франция ашық чемпионатының іріктеу кезеңінде өнер көрсетіп, Roland Garros турнирінің квалификациясындағы жалғыз Қазақстан өкілі болады.
Іріктеудің алғашқы айналымында қазақстандық теннисші (ATP 191) әлемдік рейтингте 143-орында тұрған даниялық Элмер Моллермен кездеседі. Матч 19 мамыр күні өтеді және Қазақстан уақыты бойынша шамамен 13:00-ден ерте басталмайды.
Қарсыластар бұған дейін бір рет кездескен. 2024 жылдың мамыр айында Скатов Аугсбургтегі «Челленджер» турнирінде Моллерді 3:6, 7:5, 6:3 есебімен жеңген еді. Roland Garros негізгі кезеңіне шығу үшін қазақстандық теннисші төрт матчта жеңіске жетуі керек.
Турнирдің негізгі кезеңінде Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Александр Бублик және Александр Шевченко өнер көрсетуді жоспарлап отыр. Roland Garros негізгі турнирі Парижде 24-мамыр күні басталады.