Анна Данилина WTA жұптық рейтингінде алтыншы орнын сақтап қалды

Фото: Jimmie48
Қазақстандық теннисші Анна Данилина жаңартылған WTA жұптық рейтингінде алтыншы орнын сақтап қалды.
Анна Данилина 6785 ұпаймен әлемдік рейтингте алтыншы орында тұр. Рейтингтің көшін чехиялық Катерина Синякова бастап тұр, екінші орында америкалық Тейлор Таунсенд, ал үшінші орында канадалық Габриэла Дабровски орналасқан. Бесінші орынды сербиялық Александра Крунич иеленген, ол Данилинамен бірге жұпта өнер көрсетеді.
Қазақстанның басқа өкілдері арасында Жібек Құламбаева 21 сатыға көтеріліп, 173-орынға жайғасты. Юлия Путинцева үш сатыға жоғарылап, 347-орынға орналасты.
Еске сала кетейік, бұған дейін Анна Данилина мен Александра Крунич «Ролан Гаррос» турнирінің финалына дейін жетіп, онда Катерина Синякова мен Тейлор Таунсендтен жеңіліп қалған еді.