Анвар Ақылбеков Италиядағы әлем кубогы кезеңінде үздік төрттікке енді
Бөлісу

Фото: kazskate
Анвар Ақылбеков Инлайн-фристайлдан әлем кубогы кезеңінде төртінші орынға тұрақтады.
Милан қаласында 30 маусым мен 4 шілде аралығында өткен жарысқа әлемнің үздік спортшылары қатысты. Бәсеке қаланың орталық теміржол вокзалы алдындағы Дука д’Аоста алаңында ұйымдастырылды.
Slide дисциплинасында спортшылар роликті конькимен бақыланатын сырғанау элементтерін орындайды. Төрешілер қатысушылардың жылдамдығын, орындау дәлдігін және техникалық шеберлігін бағалайды.
Айта кетейік, Анвар Ақылбеков бұған дейін де әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанып, роллер-фристайлдың түрлі бағыттары бойынша халықаралық жарыстарда бірнеше мәрте жеңімпаз болған.