АПЛ чемпиондығынан айырылып қалған Гвардиола маусымға қорытынды жасады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

«Манчестер Сити» бас бапкері Хосеп Гвардиола командасының 2025/26 маусымындағы өнеріне пікір білдірді. Клуб Англия Премьер-лигасындағы 37-турда чемпиондыққа таласу мүмкіндігінен айырылған еді.

«Манчестер Сити» «Борнмутқа» қарсы қонақта 1:1 есебімен тең ойнағасын, турнир көшбасшысын қуып жететін барлық математикалық мүмкіндігін жоғалтып алды.

«Қаңтар айынан бері біз шынымен өте жақсы ойын көрсеттік. Бізде көптеген ойыншылар жарадар болды және юіз бақылай алмайтын жағдайлар көп кездесті. Бұл маусымда біз көп нәрсеге үйрендік. Жеңіске жету үшін не істеу керегін түсіндік. Өте көп ұпай жинап, үлкен басымдыққа ие болу қажет, әйтпесе бақылауға келмейтін жағдайлар туындай салуы мүмкін. Біз көптеген қиын сәттерді бастан өткердік және бірде-бір рет берілген жоқпыз. Сондықтан дәл қазір осы жерде тұрмыз», — деген Гвардиола бапкердің сөзін клубтың ресми сайты таратты.

Англия чемпионы атағына мерзімінен бұрын «Арсенал» ие болды. Лондондық клуб бас-аяғы 82 ұпай жинады. «Арсенал» соңғы рет 2003/04 жылғы маусымда Англия чемпионы атанған. Сол кезде Арсен Венгердің командасы чемпионатты бірде-бір жеңіліссіз аяқтаған еді.