Ақ үй 2026 жылғы әлем чемпионатының қорытындысына баға берді

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

АҚШ-тың Ақ үйі АҚШ, Канада және Мексикада өткен 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының аяқталуына қатысты мәлімдеме жасады.

Ақ үй әкімшілігі турнирдің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, АҚШ президенті Дональд Трамптың жаңа әлем чемпиондарын марапаттау рәсіміне қатысқанын еске салды.

Әлем чемпионатының финалында Испания құрамасы Аргентинаны қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңді. Кездесудегі жалғыз голдың арқасында испандықтар өз тарихында екінші рет әлем чемпионы атанды. Финалдан кейін әлем чемпиондарына кубокты АҚШ президенті Дональд Трамп табыстады.

Ақ үйдің X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланған мәлімдемеде әлем чемпионаты миллиондаған жанкүйердің назарын аударған ірі халықаралық спорттық оқиға болғаны айтылды.

Турнир қорытындысы бойынша Испания әлем чемпионы атанса, Аргентина күміс жүлдеге ие болды. Ал үшінші орынды Англия құрамасы жеңіп алды.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты бірнеше тарихи ерекшелігімен есте қалды. Турнир алғаш рет бірден үш мемлекет – АҚШ, Канада және Мексикада ұйымдастырылды. Сондай-ақ әлем чемпионаты тарихында тұңғыш рет финалдық кезеңге 48 ұлттық құрама қатысты.

Ақ үй 2026 жылғы әлем чемпионатының қорытындысына баға берді – sport-hub