АҚШ құрамасы хоккейден әлем чемпионатында Венгрияны жеңді

Темирлан Мажекенов ··
Фото: Bruce Bennett/Staff/Getty Images Sport/Gettyimages.ru

Фото: Bruce Bennett/Staff/Getty Images Sport/Gettyimages.ru

25 мамыр күні АҚШ құрамасы хоккейден әлем чемпионатының топтық кезеңі аясында Венгрияны 7:3 есебімен жеңді.

Жеңімпаздар сапында Джастин Фолк, Мэттью Ткачук және Райан Леонард дубль авторы атанды. Тағы бір шайбаны Макс Планте соқты.

Венгрия құрамасы сапында Чанад Эрдей екі мәрте мергендік танытса, тағы бір голды Габор Торняи өз еншісіне жазды.

АҚШ құрамасы сегіз ұпай жинап, А тобында бесінші орынға көтерілді. Ал Венгрия үш ұпаймен жетінші орында тұр.

Хоккейден әлем чемпионаты 15-31 мамыр аралығында Швейцарияның Цюрих қаласында өтіп жатыр.

Айта кетейік, АҚШ құрамасы — қазіргі әлем чемпионы. Сонымен қатар команда 2026 жылғы Олимпиада ойындарының алтын медалін де жеңіп алған.