АҚШ-та Аргентина жанкүйерлері отырған таксиге шабуыл жасалды
Бөлісу

Фото: РИА Новости
Аргентина ұлттық құрамасының жанкүйерлері 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчы алдында стадионға бара жатқан жолда атыс ортасында қалды.
Жанкүйерлер таксимен стадионға келе жатқан кезде белгісіз қаскөй көлікке қарудан оқ атқан. Такси жүргізушісі жарақат алды, ал жанкүйерлер зардап шекпеген. Полиция аргентиналық жанкүйерлерді патрульдік көліктермен стадионға жеткізді, деп хабарлайды The New York Times.
Қазіргі уақытта АҚШ құқық қорғау органдары оқ атқан адамды іздестіріп жатыр. Оның жеке басы әлі анықталған жоқ.
Айта кетейік, Аргентина мен Алжир матчы (3:0) алдында Канзаста атысқа қатысты бес оқиға тіркелген. Нәтижесінде бір адам қаза тауып, төрт адам (оның ішінде такси жүргізушісі де бар) жарақат алған.